rus  kaz  eng

 

Виолончель, контрабас және арфа бөлімі

Бөлім  оқытушылары жоғары білікті мамандардың бірден-бір ұрпағын тәрбиеледі.



Бөлім қызмет еткен алғашқы күндерінен бастап консерваторияның танымал мойындалған музыкант-орындаушы мұғалімдерінен құралған. Олардың ой-өрістері, білгірлігі, ортақ гуманитарлық көзқарасы, жоғары кәсіби шеберлігі Қазақстандағы виолончель мектебінің айтарлықтай биіктерден көрінуіне, қалыптасуына және жетістіктеріне ықпал етті. Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ ашылған күнінен бастап виолончель, контрабас және арфа бөлімінің жас музыканттарын тәрбиелеуге  үлес қосқан консерваторияның мұғалімдері мен танымал музыканттары ризашылықпен мәңгі есте сақталады, олар: Шлимак Н.А., Эдельман Л.Я., Саранцев С.В., Панкратов В.Д., Жакеев С.М., Джанайдарова Г.Б.


Виолончель, контрабас және арфа бөлімінің ұйымдастырушысы мектеп түлегі және Құрманғазы атындағы консерваторияның түлегі Джанайдарова Г.Б. болды. Виолончель, контрабас және арфа бөлімінің меңгерушілері Абдыханова О.А. және ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Люценко Е.Н. болды.


Педагог Луценко Е.Н. класы (виолончель)

Қазіргі уақытта бөлімді Мәдениет саласының құрметті қайраткері Шонова Лилия Назымованы басқарады.



2002 жылы бөлімде арфа класы ашылды, оған оқытушы ретінде  Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының арфисі Ногоджаева Светлана Отарбекқызы шақырылды.



Қазіргі уақытта арфа класын  Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының арфисі Курмангалиева Баян Керимкуловна жүргізеді.



1971 жылы ҚР Халық әртісі, профеесор Баспаев Д.К. ұйымдастырған виолончелистер ансамблі бөлімнің мақтанышы болып табылады. Оның жетекшілігімен ансамбль жоғары кәсіби деңгейге жетіп Қазақстандағы салтанатты шараларға, КСРО-ның үкіметтік концерттеріне қатысып, Өзбекстанның, Қырғызстанның және бұрынғы КСРО-ның басқа республикаларының үздік сахналарына шығып өнер көрсетті. Қазіргі уақытта ансамбльді Нұржанова Б.Н. ойдағыдай басқарып келеді. Оның жетекшілігімен ансамбль қазақ, орыс, шетел және кеңес орындаушыларының шығармаларынан тұратын лайықты репертуарларын меңгерген. Оқушылар виолончелистер ансамбліне қызығушылық танытып,  мектептің және республикалық деңгейдегі шаралар  мен концерттерге белсене қатысады.



Қазіргі уақытта бөлімнің оқытушылары: Шонова Л.Н - кафедра меңгерушісі, ҚР Мәдениет саласының құрметті қайраткері; Люценко Л.Ю - ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері; Әбдірахманова К.О - Мәдениет саласының құрметті қайраткері; Нуржанова Б.Н., Рақышев Б.С., Құрманғалиева Б.К., Белбигаев К.К., Нұржанов М.А., Главацкая З.Е.


Бөлімнің барлық педагогтары біліктілігі жоғары мамандар болып табылады, олар біліктіліктерін үнемі жетілдіріп отырады. Ұжымның жемісті педагогикалық жұмысының дәлелі - біздің түлектеріміз ҚР Мемлекеттік симфониялық оркестрі, Қазақстан Камератасы сияқты ұжымдарда ойнап, шетелдерде оқуларын жалғастыруда.




Педагог Нуржанова Б.Н. класы (виолончель)


Педагог Абдрахманова К.О. класы (виолончель)

 
Педагог Ракишев Б.С. класы (контрабас)


Педагог Оспанкулов А.А. класы (виолончелистерге арналған арнайы контрабас)


Педагог Бельгибаев К.К. класы (виолончель)


Педагог Нуржанов М.А. класы (виолончель)


Педагог Главацкая З.Е. класы (виолончель)


Виолончель, контрабас және арфа бөлімінің отырысы