rus  kaz  eng

 

Қазақтың халық аспаптар бөлімі

Мектепте алғашқы күннен бастап домбыра мен баян класстары ашылды.



1986 жылдан бастап халық аспаптарында орындаушылар өз еркімен бөлім құрды. Содан бері осы бөлімді Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері Адилов Қайырбек Нұрышұлы басқарады.



Халық аспаптар бөлімінде 100-ге жуық оқушы білім алуда.

Бөлім педагогтарының барлық дайындаған оқушылар саны:
Халықаралық конкурстардың лауреаттары – 16 оқушы;
Халықаралық конкурстардың дипломанттары – 5 оқушы;
Республикалық конкурстардың лауреаттары – 104 оқушы;
Республикалық конкурстардың дипломанттары – 30 оқушы;
Халықаралық фестивальдардың лауреаттары – 1 оқушы;
Қалалық конкурс-фестивальдардың лауреаттары – 4 оқушы;
Қалалық конкурс-фестивальдардың дипломанттары – 14 оқушы.



1970 жылдары мектепте халық аспаптар оркестрі құрылды. Оркестр - республикалық конкурстардың лауреаты болып табылады. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және дирижері - Адилов Қ.Н.



Бүгін халық аспаптар оркестрінде бөлімнің 70 оқушысы кәсіби білім алуда.





Оркестрдің репертуарында халық, классикалық және заманауи композиторлардың 100-ден астам шығармалары бар. Оркестрдің концерттеріне көпшіліктің тыңдармандарына айналған  Қазақстанның эстрада жұлдыздары, әншілері өнерлерін көрсетеді, олар: Ермек Серкебаев, Нариман Қаражігітов, Нұрғали Нүсіпжанов, Роза Рымбаева, Нұржамал Үсенбаева, Майгүл Қазтурганова, Ұлан Кенжебеков, Береке Еңкебаева және т.б.



Бүгінгі күні бөлімде: ҚР Еңбек сіңірген қызметкері бөлім меңгерушісі – Адилов Қ.Н., ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Абдуллаев О.А., Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры – Искаков Б.А., ҚР Халық әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры – Молдакаримова Г.А., ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры – Қосбасаров Б.А., ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының доценті – Жанпейісова С.С., ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Бекентуров Ж.Б., Мәдениет саласының құрметті қайраткері – Тенизбаева Г.Н., Мәдениет саласының құрметті қайраткері – Қашағанов С.Х., Білім беру ісінің құрметті қызметкері – Жұмабекұлы А.Ж., ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры – Тұяқбаев Д.Х., Қытай Халық Республикасының еңбек сіңірген қайраткері - Сәдуақасұлы А., Мәдениет саласының құрметті қайраткерлері - Саден К.Р., Қосбасарова Ж.К., Адилова Г.К., Оспанкулова Д.А., Алимбай Д.Т. қызмет атқарады.