rus  kaz  eng

 

Жыл сайынғы оқушыларды қабылдау

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
«Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған
республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты»
республикалық мемлекеттік мекемесі
2018-2019 оқу жылына 1-сыныпқа төмендегі мамандықтар бойынша оқушыларды қабылдайды:

Аспаптық орындаушылық:
- арнайы фортепиано

Оркестрлік аспаптар:
- ішекті аспаптар (скрипка, альт, виолончель, контрабас, арфа)
- үрмелі және ұрмалы аспаптар (флейта, гобой, труба, кларнет, саксофон, валторна, кларнет, тромбон, туба, фагот)
- халық аспаптары: (домбыра қобыз, қыл қобыз, баян, шертер)

Эстраданы музыкалық орындау бөлімі (труба, тромбон, саксофон, бас-гитара, ұрмалы аспаптар)

I. 1 сыныпқа түсу үшін конкурсқа музыкалық қабілеттері бар, мектепалды даярлықтан өткен 6-7 жастағы балалар жіберіледі.

Конкурс 3 турда өткізіледі:

1 тур – музыкаға дарынды балаларды оқытатын мектепте оқуға балалардың психологиялық дайындығын анықтау үшін тестілеу. (Тұлғалық дайындығы – уәждеме ортасының (мотивация) дамуы, эмоционалдық тұрақтылығы; Интеллектуалдық дайындығы – жалпы дамуы, сөздік қоры, ауызша сөйлесуі, майда заттармен іс-қимыл жасауы, танымдылық процестерінің дамуы, (назары, есте сақтауы, ойлау қабілеті, елестетуі), ақпаратты талдау, жинақтау, жүйелеу мүмкіндіктері, қорытынды жасауы; Әлеуметтік-психологиялық дайындығы – балалардың басқа балалармен қолайлы қарым-қатынас құра білуі, бірлесе жұмыс істей білуі, көнгіштігі, тыңдауы мен қоғамдық тәртіпті сақтауы.)

2 тур – табиғи музыкалық қабілеттерінің бар болуын тексеру үшін тестілеу (есту, ырғақ, музыканы есте сақтау, интонация ж.т.б.)

3 тур – музыкалық есте сақтау қабілетін анықтауға арналған тестілеу (қиындатылған әуендер: 4 және одан артық тактілі мелодиялар, қиындатылған ритмикалық топтамалар, дайындығы бар балаларға аспапта бірнеше пьеса орындау)

Мектеп ережесіне сәйкес Қабылдау комиссиясы 3 турдың нәтижесі бойынша қабылдау жүргізеді. 3 турдан сүрінбей өтіп, жоғары баға жинаған конкурсанттар 1-ші сыныпқа қабылданады. Аспаптарға бөлу құқығы қабылдау комиссиясына беріледі. Оқыту тілін таңдау – ата-аналардың құқығында.
Оқыту қазақ тілінде және орыс тілінде жүргізіледі. Оқу мерзімі – 12 жыл.
Шалғай аудандардан оқуға түскен оқушылар мектеп жанындағы интернатқа тұрақты мекенжайын растайтын анықтама арқылы қабылданады.

II. 1 сыныпқа түсу үшін тапсырылатын құжаттар:
- директордың атына жазылған өтініш («интернатта тұратын орын қажет» немесе «интернатта тұратын орын қажет емес» – деп көрсету керек);
- туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- фото сурет 3х4 – 2 дана;
- баланың жеке сәйкестендіру номері (ЖСН);
- баланың, ата-анасының мекенжай анықтамасы;
- ата-анасының жұмыс орнынан алынған анықтамасы;
- Медициналық құжаттар: денсаулық паспорты, жеке дәрiгерлiк карта (№ 63 форма), алдын алу егулерiнiң картасы (№ 26 форма);
- папка файл.

1 сыныпқа құжаттарды қабылдау күні 2018 жылдың 16 сәуір айынан 21 мамыр айына дейін (кабинет № 46, 11)

1-ші сыныпқа қабылдау емтихандарының өткізу мерзімі:
26 мамыр 2018 жыл (1 тур)

09.00 – психологиялық тест
28,29 мамыр 2018 жыл (2 тур)
09.30 – мамандық
31 мамыр 2018 жыл (3 тур)
09.30 – мамандық
1 маусым 2018 жыл
10.00 – 1 сыныпқа қабылдау (қабылдау комиссиясның отырысы)


Біздің адрес: 050040, Алматы қ., Байзаков көшесі, 304
e-mail: bауsa48@mail.ru
Анықтама телефоны: (727) 394-96-98

ӘКІМШІЛІК