Мектепте 2018 жылы 9 қазан күні мектепте шығармашылық интеллигенция өкілдерімен ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауын талқылауға арналған кездесу өткізілді. Кездесуге мектеп-интернатта қызмет ететін мәдениет саласының қайраткерлері, білікті қызметкерлер, үздік педагог-музыканттар, музыка бөлімдерінің меңгерушілері қатысты: ҚР Еңбек сіңірген қызметкері – Даукеева М.К., ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Абильхаирова Т.А., ҚР білім беру ісінің үздігі – Ишкаева Д.Х., ҚР Мәдениет қайраткері – Попова Л.В. және т.б.
Скрипка және альт бөлімінің меңгерушісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Абатова Алма Абдракашевна, Хорды дирижерлеу бөлімінің меңгерушісі, профессор – Туякбаев Досмухаммед Халмухамедович, ҚР білім беру ісінің үздігі, тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі – Салпынов Жанас Нуртлеуович сөз сөйледі.

Кездесу барысында Жолдауда көрсетілген білім беру саласына арналған мәселелер ерекше орын алды. Әсіресе педагог қызметкерлердің мәртебесін көтеру туралы Заң қабылдау керектігі, оқушыларға жаңа бағдарламаларды меңгертудің маңыздылығы, заманауи техникалық құралдармен білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету және т.б. Сонымен қатар, бюджеттік саладағы қызметкерлердің еңбек ақысын өсіру туралы айтылды. Қорытындылай келе, кездесуге қатысушылар биылғы жылғы Жолдаудың ерекшелігін атап өтіп, оның іске асырылуына қажырлы еңбектерімен өз үлестерін қосуға әзірлігін білдірді.
